

8 қараша күні

№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында жастар арасында құқық бұзушылық, буллинг, есірткіге тәуелдіктің алдын - алудың 2024-2025 жылдарға арналған профилактикалық бірлескен іс-шаралардың қадамдық жоспарына сәйкес және "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналысқа ата-аналар және оқушылармен арнайы кездесуге келген Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция майоры

Алдоңғаров Сәбит Сәттібайұлы сөз бастап, ағымдағы Қызылорда қаласында болып жатқан құқық бұзушылықтарға, ойынқұмарлық кесірінен зардап шегіп жатқан жастар туралы, әр түрлі орын алған қылмыстар, зорлық-зомбылықтар, бала қауіпсіздігінің алдын алу, есірткіге деген жастардың құмарлығы, оны тұтынуы туралы айтып, әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасының талаптары мен шара көру туралы тың ақпараттар берді.

Мектеп-интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлфарида Дүйсенбаева сөз алып, жалпы адам жақсы-жаманды отбасынан біліп, оның қыр-сырын бойына сіңіреді. Өйткені, балалардың алғашқы өсіп-өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым-қатынасы, байланыстары, іс-қимылдар мен мінез-құлық нормаларын меңгеруі отбасынан басталады. Отбасы баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа жігерлі, қайратты, адал болуға тәрбиелейді. Жасөспірімдердің адамға, қоғамға, жалпы мемлекет пен ұлтқа көзқарасы ата-ананың көрсеткен тәлім-тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Сондықтан да жақсы тәрбие мен отбасындағы жағдайдың жасөспірімдер өмірінде алатын орыны ерекше екенін түсіндіріп, айтып өтті.

Сонымен қатар мектеп-интернат медбикесі Мәжит Наргиз білім алушылардың зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, білімге және қоғамдық жұмыстарға тартып, белсенділігін арттыру үшін "Зиянды әдеттер және олармен күресу жолдары" тақырыбында арнайы бейнебаян көрсетіп, баяндама оқыды.

Жиын соңында ата-аналар көкейінде жүрген сауалдарын қойып, пікір алмасты.