
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары М.Әбенова, педагог-психолог Б.Акмурзаеваның ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларына мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру мақсатында

М.Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі, М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі, С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжі оқытушыларымен кездесу өткізілді.

Колледж өкілдері НВП мұғалімі Б.Самат, сандық техникасының шебері Б.Әбілхайыр, автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу мамандығының арнаулы пән оқытушысы Қ.Төлегенов, автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу мамандығының өндірістік оқыту шебері Қ.Булатбекова, арнайы пән оқытушысы Б.Төлегенқызы оқушыларға оқу орнының материалдық-техникалық базасы, заманауи оқу кабинеттері мен зертханалары туралы жан-жақты ақпарат беріп, 9 сынып түлектеріне арналған мемлекеттік грант және негізгі мамандықтар, шәкіртақы төлеу жүйесі туралы мәліметтер ұсынды.

Мақсаты: Мамандық таңдауда оқушыларға бағыт бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
