№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында тәрбиешілер бірлестігінің ұйымдастыруымен "Абай - ұлттың рухани шамшырағы" атты онкүндігі аясында ақын Абай Құнанбайұлына 180 жыл толуына орай оқушылардың қатысуымен "Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй" атты ақын Абайдың әндерінің кеші өткізілді.
Кеш барысында оқушылар ақын Абайдың жүрекке жетер әндерін орындап, өлеңдерін жатқа айтып, би билеп, көрермендерге рухани ләззат сыйлады.
Мақсаты: Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшыл, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.