

№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында тәрбиешілер бірлестігінің ұйымдастыруымен

"Абай - ұлттың рухани шамшырағы"

атты онкүндігі аясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына 180 жыл толуына орай оқушылардың қатысуымен

"Абайдың қара сөздері - өмірлік бағдар" тақырыбында дебат өткізілді.

Дебат барысында оқушылар ақын Абайдың қара сөздерінің барлығы да сол замандағы әлеуметтік күрделі мәселелерді сөз еткенімен, бүгінгі таңда да қара сөздеріндегі ғибратты ойлары мен ақыл-кеңестері әлі де маңыздылығын жойған жоқ, Абайдан алар өсиетті кеңестері нағыз осы дәуірге лайықталып жазылған деп өз ойларын жеткізді.

Дебат соңында оқушылар Абайдың қара сөздерін тұшынып оқып, айтқан жолмен жүрер болсақ, алған білімдеріміздің арқасында еліміздің экономикасын көтеретін саналы жастар боларымыз сөзсіз деген қорытындыға келді.

Дебаттың мақсаты: Оқушылардың сөз шеберлігімен қатар өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту және ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларының мазмұнын терең ұғындыру.
