

№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында

"Алтын күз"

мерекесіне орай

"Күзгі асар - 2025"

тақырыбында жәрмеңке өткізілді.

Күз молшықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. Астық пісіп, оны жинап алу ісі осы күз айларында жүзеге асатындықтан, осы маусымға халқымыз "Алтын күз" деп айдар таққан.

"Күзгі асар - 2025" жәрмеңкесіне оқушылар қатысып, керемет күздік көңіл-күй сыйлады.

Оқушылардың еңбектерімен жасаған тағам түрлері мен жеміс-жидектері жәрмеңке төрінен орын алды.

Әділқазылар алқасы "Күзгі асар - 2025" жәрмеңкесін қорытындылап, оқушыларды әртүрлі номинацияларымен марапаттады

Мақсаты: Оқушыларды еңбекке баулу, жауапкершілікке тәрбиелеу, күздің молшылық пен береке айы екенін түсіндіру.
