

19 қараша - Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні.

Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күніне орай

Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына "Өмірге салауатты қадам" тақырыбында іс-шара өткізілді.

Аталған шараға Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Абдирова Зарина Жұмабайқызы. Қызылорда облыстық АИТВ - инфекциясының алдын алу орталығының маманы Әмитов Нұрлыбек Өмірбергенұлы. Қызылорда облыстық жастар денсаулық орталығының психологы Жұмаділдаева Раушан және валеолог маманы Құлмырзаева Айман қатысты.

Мамандар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде 8 миллион адам темекі салдарынан көз жұматынын, соның 890 мыңға жуығы өзгелер темекі шеккен шылымның түтініне уланғандар екенін айтып, қазіргі таңда төрткүл дүниеде жаhандық қатер болып, бүгінгі күннің бас ауруына айналып отырған темекінің, оның ішінде электрондық темекілердің қоғамға, әсіресе жастарға зияны туралы ойларымен бөлісіп, оның алдын алудың маңыздылығын атап көрсетті. Сонымен қатар, темекінің арқасында басқа да созылмалы ауру түрлерінің пайда болатынын, темекіге қанағаттанбаған кейбір адамдар есірткіге көшіп, түбінде нашақорлыққа жеткізетінін айтып өтті.

Темекі шегу - аурулар мен мезгілсіз өлімнің негізгі себебі. Темекі тастау - өмірді ұзарту.

Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, олардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру, шылым шегу, нашақорлық, СПИД тәрізді аурулар туралы ой қозғау, өмірге деген
көзқарастарын қалыптастыру.