
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында

№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында бастауыш сынып пән бірлестігінің

"Бастауыш - білім шыңының баспалдағы" атты онкүндік аясында бастауыш сынып мұғалімдері Абилдаева Ардақ, Бирканова Толқын 4 "А", "Ә" сынып оқушыларына Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығына орай "Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге!" атты танымдық сабақ өткізді.

Танымдық сабақ барысында оқушылар қазақ халқының ұлы ойшылы, ұлттық мақтанышы, тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып, сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар оқушылар Сапарғали Бегалиннің "Бала Шоқан" шығармасынан шағын көрініс көрсетіп, бейнеролик тамашалады.

Мақсаты: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми қызметін жас ұрпаққа насихаттау.