📚"Бастауыш - білім шыңының баспалдағы" тақырыбында өткізілген бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігінің салтанатты жабылу рәсімі өтті » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
📚"Бастауыш - білім шыңының баспалдағы" тақырыбында өткізілген бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігінің салтанатты жабылу рәсімі өтті
№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында "Бастауыш - білім шыңының баспалдағы" тақырыбында өткізілген бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Жабылу салтанатында 2 сынып оқушылары би билесе, 3 сынып оқушылары мен бастауыш сынып мұғалімдері ән орындады. Сонымен қатар "Ұлт үшін туған ұл Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа 190 жыл" тақырыбында 4 сынып оқушылары көрініс көрсетті.
Онкүндік аясында ұйымдастырылған ашық сабақтар мен танымдық сабақтар, шығармашылық жұмыстар қорытындыланып, түрлі бағыттар бойынша белсендік көрсеткен оқушыларды мектеп-интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенбаева Гүлфарида Сейткамалқызы мектеп-интернат директоры Толеуов Берикбол Оразгелдіұлының "Алғыс хатымен" марапаттап, онкүндікті жоғары деңгейде өткізгендері үшін ризашылығын білдірді.