01
декабрь
2022
«Қазіргі жастар патриот па?» дебат
Мектеп –интернатымызда 30 қараша күні «Ұшқыр ой» оқушылардың дебаттық қозғалысының жоспарына сәйкес «Қазіргі жастар патриот па?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Мақсаты: ұшқыр ойлы, білімді, өз бетінше ізденіп, өзіндік ой түйе алатын батыл жастарымызды тәрбиелеу. Пікірталасқа қатысқан
екі топтың мүшелері осы тақырып аясында сөз жарыстырып, қарсыластарына ұтымды жауаптар қайтарып, жастарымыздың бойындағы патриоттық сезім, қаныбызбен келетін тектілік қасиеттердің жоғалмауы туралы мәселелер талқыланып, әр топ өз позицияларының дұрыстығын дәлелдеуге тырысты.
Дебат барысында ұйымдастырушы тарихпәнінің мұғалімі Кенесары
Гүлнар парламентарий үшін патриотизм жайында бейнематериал ұсынып, көрермендерде пікір білдірді.
Төрешілердің саралауымен ойыншылар арасынан «Үздік спикер» номинациясына 9 «А» сынып оқушысы Ақбисенова Лаура мен 9 «Ә» сынып оқушысы Тынынбайұлы Дінислам лайық деп марапатталды.