"Қазақтың рухын оятқан тұлға" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қазақтың рухын оятқан тұлға" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
01
декабрь
2025

"Қазақтың рухын оятқан тұлға" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

📚"Оқуға құштар мектеп" жобасы, 
📚"Балалар кітапханасы"бағдарламасы аясында 🏫№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатында 6 сынып оқушылардың қатысуымен қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай "Қазақтың рухын оятқан тұлға" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
✍️Халық жүрегіне ерекше қымбат тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов.
Әдебиеттің дамуына үлес қосқан, қаламгер және коғамдық-әлеуметтік іске белсене араласқан қайраткер.
Міржақып Дулатов бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген.
🔹Танымдық сабақ барысында оқушыларға Міржақып Дулатов туралы мазмұнды бейнеролик көрсетіліп, оның ең әйгілі туындыларының бірі - "Оян қазақ!" шығармасынан үзінділер оқылды. 
🔹Сонымен қатар оқушылар Міржақып Дулатов ақынның өлеңдерін оқып, өздері білетін қызықты деректермен бөлісіп, ой алмасу жүргізді.
🔹Танымдық сабақ өте әсерлі өтіп, оқушылардың ұлттық тұлғаларға деген қызығушылығы арта түсті.
🔹Осындай танымдық сабақтар жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, елін сүйетін азамат болып қалыптасуына үлес қосатынына сенеміз.
✅Мақсаты: Ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив