Тарих пәні мұғалімі В.Әлжан "Жаңа форматтағы мұғалім" тақырыбында мұғалімдердің қатысуымен коучинг өткізді. » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тарих пәні мұғалімі В.Әлжан "Жаңа форматтағы мұғалім" тақырыбында мұғалімдердің қатысуымен коучинг өткізді.
05
февраль
2026

Тарих пәні мұғалімі В.Әлжан "Жаңа форматтағы мұғалім" тақырыбында мұғалімдердің қатысуымен коучинг өткізді.

⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
🔰🏫№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің "Тіл мен тарих - ұлт тағдыры" атты онкүндігі аясында тарих пәні мұғалімі В.Әлжан "Жаңа форматтағы мұғалім" тақырыбында мұғалімдердің қатысуымен коучинг өткізді.
🔶 Коучинг барысында тарих пәні мұғалімі В.Әлжан қатысушыларға қазіргі заман мұғалімі оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастырып, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, сандық технологияларда құзыретті, қазіргі қоғамда табысты өмір сүруге дайын белсенді азамат пен болашақ маман ретінде қалыптасуына ықпал етуі тиіс. Оқытудың басты әрі маңызды қозғаушы күші – баланың қызығушылығы. Оқушының білімге деген ерекше сүйіспеншілігін арттыру үшін барлық мүмкіндікті тиімді пайдалану қажет. 
Қытай ойшылы Конфуций: "Ескіні құрметтей отырып, жаңаны тани білген адам ғана нағыз ұстаз бола алады", - деген. Заманауи білім беру саласында ақпараттық және желілік технологиялардың мүмкіндіктері кеңейіп келеді, сондықтан оларды оқу үдерісінде белсенді әрі орынды қолдануымыз керек.
🔶 Коучингте қатысушы мұғалімдер білім беру процесінде қолдануға болатын жаңашыл әдіс-тәсілдерді үйреніп, өзара тәжірибе алмасты, сондай-ақ әрқайсысы өз сыныбында қолданған тиімді әдістерімен бөлісіп, пікір алмасуға мүмкіндік алды.
🔶 Коучинг соңында ұйымдастырушы тарих пәнінің мұғалімі В.Әлжанға алғыстарын білдіріп, осындай тәжірибелік кездесулердің кәсіби дамуға үлкен септігі бар екенін атап өтті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив