

№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында "Жаратылыстану" пәндер бірлестігінің "Жаратылыстану ғылымдары және жасанды интеллект: болашаққа қадам" атты онкүндігі аясында математика пәнінің мұғалімі Г.Естаеваның ұйымдастыруымен ата-аналарды педагогикалық қолдау бағытында ата-аналардың қатысуымен "Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы" тақырыбында тренинг өткізілді.

Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский: "Тек қана ата-аналармен бірлесе атқарған қадамдар арқылы ғана мұғалімдер балаларға үлкен адамгершілік бағыт бере алады".

Тренинг барысында ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты өзара пікір алмасып, топтық ойындар мен жаттығулар арқылы отбасыдағы сенім мен түсіністікті нығайту жолдарын талқылап, балалардың шығармашылығы мен белсенділігін арттыру бағытында ортақ шешімдер қабылдады.

Тренингтің соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Дүйсенбаева қатысушы ата-аналарға алғыс айтып, балаларының өмірде бақытты әрі белсенді болып өсуіне тілектестік білдірді.

Мақсаты: Отбасы тәрбиесінің құндылығын, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.