

"Бала қауіпсіздігі - басты назарда!"

Ұрпақ тәрбиесі - ең ұлы міндет десек, осы міндетті мүлтіксіз орындау мектеп-интернат ұстаздарымен қатар ата-аналардың да жауапкешілігінде. Сондықтан жиынның түйіні - бала болашағын қалыптастыруда ата-ана мен ұстаз үнемі бірлікте болуы керек екенін естен шығармау мақсатында "Қауіпсіз мектеп ортасы" тақырыбында 21 қараша күні

№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Темиров ашып, атқарылатын жұмыстарға тоқталып, ата-аналар жиналысына арнайы келген мамандарды таныстырды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы, жасөспірімдер ісі жөніндегі аймақтық полиция инспекторлары

Виталий Соболев,

Гаухар Күзембаева қатысып, ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеу жұмыстарына тоқталып, баланың заңды өкілі ата-ана болғандықтан, оның әрбір заңға қайшы әрекетіне ата-ана жауапты екендігі ескертіп, бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаған жөн деді.

Сонымен қатар мектеп дәрігері Меруерт Меңліаяқова балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін зиянды заттардан алдын алу бойынша айтып өтсе, мектеп психологы Бахыткуль Акмурзаева балалар буллинг, кибербуллингтің құрбаны болғанда не істеу керектігін түсіндіріп өтті.

Жиналыс соңында мектеп әкімшілігі білім алушылардың қауіпсіздігін басты назарда ұстай отырып, баланың бағыт - бағдар алатын шамшырағы саналатын ата-аналарды бала тәрбиесімен бірлесе айналысуға шақырып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ата-аналардың пікірімен қорытындыланды.