
«Анадан хат» – жүректен жүрекке жеткен сөз


№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатында мектеп парламенті жобасының жетекшісі Қ Жусупованың ұйымдастыруымен парламент мүшелеріне арналған тағылымды әрі тәрбиелік мәні зор «Анадан хат» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Алдын-ала аналар балаларына жүрекжарды хаттарын жазып, ұйымдастырушы оларды ерекше ықыласпен әдемі хат түрінде дайындап, оқушыларға ұсынды.

Шара барысында ана туралы әсерлі бейнероликттер көрсетіліп, ашық сұхбат жасалды. Оқушылар аналарының жүрекжарды хатын оқи отырып, көздеріне жас алып аналық мейірім мен шынайы сүйіспеншілікті терең сезінді.

«Анадан хат» – жүректен шыққан жылу мен мейірімге толы, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайтуға бағытталған мазмұнды жоба.

Жобаның басты мақсаты – ананың ақ тілегі мен өмірлік өсиетін жас ұрпақтың жүрегіне жеткізу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың адамгершілік, рухани-имандылық қасиеттерін дамыту.

Ана жүрегінен жазылған әрбір хат – балаға бағыт-бағдар беретін шамшырақ, өмір жолында адастырмас асыл мұра. Іс-шара барысында оқушылар ата-ана қадірін терең сезініп, мейірім, құрмет, жауапкершілік секілді асыл қасиеттердің маңызын ұғынды
https://www.facebook.com/watch/?v=1590279342225758