
Кездесуге И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің маманы Нұрейісова Әлия Алиакбарқызы, М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжінің оқытушысы Кулекеев Бекзат Кашкинбаевич, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің маманы Оргараева Майра Алыбаевна қатысып, оқушыларға қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар туралы кеңінен ақпарат беріп, әр мамандықтың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін түсіндірді. Сонымен қатар, дұрыс мамандық таңдаудың маңыздылығына тоқталып, болашаққа нық қадам жасау үшін қажетті бағыт-бағдар ұсынды.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды.

Бүгінгі шәкірт - ертеңгі болашақ. Сондықтан олардың бүгінгі мен келешегі бәрімізді де алаңдатары сөзсіз. Маман иелері айтқан ақыл-кеңестері оқушыларға үлкен ой салып, болашақта қалар мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болады деп директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары М.Әбенова кездесуге келген мамандарға ризашылығын айтып, алғысын білдірді.

Мақсаты: Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.