
23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні құтты болсын!


Кітап – тарихтың шежіресі, білімнің алтын қазынасы. Ал кітапхана – сол баға жетпес байлықтың киелі шаңырағы. Осы игілікті істің басында жүрген, оқырман мен кітап арасында алтын көпір болып жүрген кітапханашылардың еңбегі ерен.

Мерекеге орай барша кітапхана саласының қызметкерлері мен оқырман қауымды құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілейміз. Рухани қазынамыз молая берсін!
Ізгі ниетпен,

№8 облыстық санаториялық мектеп-интернат ұжымы.