"Мамандығым - болашағым" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
сентябрь
2026

"Мамандығым - болашағым"

⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
🔰🏫№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында оқушыларға мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру, олардың болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру және әр кәсіптің қоғамдағы маңызын түсіндіру мақсатында ағылшын пәнінің мұғалімі Жанар Жеңсікбаева және көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жеміс Ибраеваның  ұйымдастыруларымен сала мамандары шақырылып, 👩‍🎓👨‍🏭👨‍🚒👨‍🎨👩‍💻 "Мамандығым - болашағым" атты 👩‍🏫👨‍🍳👨‍⚖️👨‍🌾 маңызды іс-шара өткізілді.
🔶️ Оқушылармен кездесуге келген сала мамандары: Қызылорда қалалық ТЖБ №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мұханбетия Нұрдәулет Махсатұлы, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жасөспірімдер ісі жөніндегі аймақтық полиция инспекторы Күзембаева Гаухар Ерболатовна, мектеп-интернатының бас есепшісі Мухамедова Сауле Бектибаевна, 
мектеп-интернатының аспазшысы Бекенова Раушан Жолдасбекқызы, мектеп-интернатының дәрігері Меңліаяқова Меруерт Бақтыбайқызы қатысып, өздерінің кәсіби қызметтері, мамандықтарының ерекшеліктері, атқаратын жұмыстары және осы кәсіпті таңдауға себеп болған өмірлік жолдары туралы айтып берді. 
🔶️ Сала мамандары мамандық таңдауда ең алдымен өз қызығушылығы мен қабілетін ескерудің, білімді үздіксіз жетілдірудің, жауапкершілік пен еңбекқорлықтың маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар әр мамандықтың өзіндік қиындықтары мен жауапкершілігі болатынын түсіндіріп, болашаққа мақсат қоя білуге және таңдаған кәсібіне адал болуға шақырып, оқушылармен ой бөлісті.
🔶️ Оқушылар сала мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өнерлерін көрсетіп, мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат алып, кәсіби бағыт-бағдарын айқындауына, түрлі мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтуіне мүмкіндік алды.
🔶️ Іс-шара қорытындысында мектеп- интернатының бейін бойынша оқыту жөніндегі директордың орынбасары 
М.Әбенова сөз алып, маман иелері айтқан ақыл-кеңестері оқушыларға үлкен ой салып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына, еңбекке деген құрметін арттыруға және өздерінің қалаған мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болатынын айтып, кездесуге келген сала мамандарына ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
✨️Мамандық таңдау – болашаққа бастар маңызды қадам. Дұрыс таңдалған мамандық – жарқын болашақтың кепілі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив