11
сентябрь
2023
"Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
2023 - 2024 оқу жылында № 8 облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатында
"Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Оқушыларымыздың жазғы демалыстан келуіне байланысты , жатақханамыздағы алғашқы апта 2"А" , 2"Ә" сынып оқушыларымен жатақхана режиміне бейімдеу жұмыстарымен ұштасты. Бейімдеу жұмыс барысында : бөлме тазалығы , жеке бас гигиенасын сақтау , асхана ережесін ұстана отырып тамақтану , моншаға барғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау және таңғы жаттығуларды көңілді өткізу сынды тәрбие шараларына арналды. Оқушыларға аталған іс әрекет барысында бір - бірімен қарым - қатынаста мейірімді , бауырмал , сыйластықта болуды , оқу - құралдарын ұқыпты , таза ұстау қажет екендігі ескеріле отырып , күнделікті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілді .Оқушылармен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасалынды . Оқушыларымыздың жатақханадағы бірінші аптасы өте қызықты әрі тартымды өтті . Топ жетекшілері : Омарова Мария , Маханова Тымар


