08
февраль
2024
"Open Bolashak" ашық есік күні
7 ақпан күні мектеп-интернатымыздың 9 сынып оқушылары "Болашақ" университеті жоғарғы колледжінінің кәсіптік ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырған "Open Bolashak" ашық есік күніне қатысып, колледждің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.Қазіргі таңда 50 ге жуық мамандық даярлап, көптеген түлектерді ұясынан ұшырып отырған білім ордасының жаңа материалдық-техникалық базасының заманауи үлгіде жабдықталуы оқып жатқан студенттер әлеуетінің көтеріңкі және қуантарлық күйлерін байқатты. Колледж ұжымы іс-шараға қатысқан оқушыларға келешекте дұрыс таңдау жасап, арман мақсаттарының орындалуына сәттілік тіледі.

