12
май
2023
"МАМАНДЫҚ ТАҢДАЙ БІЛЕСІҢ БЕ?"
11 мамыр күні мектеп-интернатымызда кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында қаламыздағы Қызылорда инженерлік техникалық колледжінің маманы және сол колледждің 1 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Келген студенттер өз колледждеріндегі фракция мүшелері екендігін және облыстық жастар орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасап отырғандығын айтып, студенттер өмірінің ішкі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Ал колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ералиева Эльмира Орынбасарқызы оқу орнындағы мамандықтар легіне тоқталып, қазіргі техникалық мамандықтарға сұраныстың артуына байланысты қажетті мамандықтарды оқыту дұрыс жолға қойылғанын атап өтті. Оқушыларға жадынамалар таратылып, көкейдегі сұрақтарына тұщымды жауаптар берілді.
