№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының жанында орналасқан жылыжай жұмыстарының қарқынды жүргізілуінің нәтижесінде шалғам (редиска), салат жапырағы, көк жуа өнімін берсе, бүгін қиярда бойын тіктеп, 15 кг өнім берді. Жылыжайда өсірілген өнімдерді оқушылар бос уақытында апайларымен бірге күнделікті күтім жасап, топырақтарын қопсытып, артық жапырақтарын кесіп, пісіп жетілген өнімдерді мектеп-интернат асханасына табыстап отырады. Жылыжай ісін қолға алып қана қоймай, оны жолға қою бүгінгі күннің қажеттілігі екенін көрсетіп тұрғандықтан алдағы уақытта да өнімдерді арттыруды көздеп отырмыз. Жылыжайымыз жемісті болғай!