🪴🪴🪴ЖЫЛЫЖАЙ🪴🪴🪴 » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
октябрь
2024

🪴🪴🪴ЖЫЛЫЖАЙ🪴🪴🪴

🪴🪴🪴ЖЫЛЫЖАЙ🪴🪴🪴
☘️2024-2025 оқу жылында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, жылыжай шаруашылығының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Қосанов Самалбек Оразбайұлының кеңесімен, мектеп-интернат меңгерушісі Жамал Орынбасарованың жетекшілігімен голландиялық 🥒қияр «Хайрот F1» түрі оқушылар және қызметкерлерімен бірге егілген болатын. Осы атқарған еңбектің қарқынды жүргізілуінің нәтижесінде 🥒қияр бойын тіктеп, 27 қазан күні бірінші терімде 22 кг өнім берді. 
🏤Мектеп-интернат директоры Берікбол Оразгелдіұлының қолдауымен салынған жылыжай оқушыларды құнарлы және табиғи өніммен қамтамасыз ету, еңбекке баулу, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту мақсатындағы бастама сәтті жүзеге асуда.
✅Ерінбей еңбек еткен адамға Жер-Анамыздың берері көп, алдағы уақытта бақшамызға басқа да көкөністер мен жемістердің түрлерін қосып, еңбектің нәтижесінде өнім алу. 🥒🥦🫑🥬🍅🍇
Өніміміз мол, берекелі болсын! 
Жылыжайымыз жемісті болғай!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив