8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт
06
март
2026

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт

🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸
🔰🏫 №8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында 🌷8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, ұжымның ер-азаматтары нәзік жанды аруларға ән-шашуларын арнады.
🌺Мерекелік кеште мектеп-интернат директоры Толеуов Берікбол Оразгелдіұлы ұжымдағы ардақты аналар мен аяулы аруларды мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс және әйел бақытын тіледі.
🌺Сонымен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенбаева Гүлфарида Сейткамалқызы және кәсіподақ ұйымының төрайымы Естаева Гүлназ Қадырбекқызы құттықтап, көктем гүліндей құлпырып, жанарларыңыз әрдайым нұрға толып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін деген игі тілектерін білдірді.
🌺Мерекелік кеш барысында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, болашақ ұрпақ тәрбиесіне аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен, Қызылорда облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, сондай-ақ мектеп-интернат директоры мен кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарымен марапатталып, сый-сияпаттарға ие болды.
🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸🌸
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив