"Тазалық - денсаулық кепілі" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
апрель
2024

"Тазалық - денсаулық кепілі"

🔰4 сәуір күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында жоспарға сәйкес әлеуметтік педагог, "Несібелі" қыздар ұйымының жетекшісі Г.Утембетованың ұйымдастыруымен "Тазалық - денсаулық кепілі" тақырыбында қыз балаларға арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы З.Абдирова, мектеп-интернатының дәрігері З.Молдабекова қатысты. 
Шарада мамандар денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшырайтынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндірді.
Қыздар тақырыпқа байланысты ойларында жүрген сұрақтарын қойып, өз сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар қыздар өз білгендерімен бөлісіп, қосымша ақпараттар алды.
✅Мақсаты: Қыздарды тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз баланың гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге баулу.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив