10
май
2024
"Ел үмітін ер ақтар"

Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау - әр азаматтың қасиетті борышы екендігін ұғындыру.
"Жігіт сұлтаны - 2024" номинациясын 9«Ә» сынып оқушысы Базарбай Бекзатхан иеленді. Қалған қатысушылар әр түрлі номинацияларға ие болып, дипломдармен марапатталды.
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

