"Балаларым - балапандарым" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
май
2024

"Балаларым - балапандарым"

🔰Саналы ғұмырын Сыр өңірінің педагогика саласын дамытуға жұмсаған педагогика ғылымдарының  докторы, балалар ақыны Рахат Наурызбаева биыл 80 жасқа толып отыр. "Бастау", "Аққозы", "Сергек Серік", "Жан жайлауы", "Ақ батамен өс балам" жыр жинақтарының авторы әрі жүзге жуық әнге мәтін жазған.
Осыған орай Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасының 📚 ұйымдастыруымен "Балаларым - балапандарым" атты ақынмен кездесу кеші өтті. Шараға №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. 
Ақын Рахат Наурызбаева өзінің өнегелі өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға айтып, қызықты әңгімесімен бөлісті. 
Шара соңында оқушылардың шығармашылығына көңілі толған ақын ризашылығын білдіріп, батасын берді. 
Кештің мағыналы өтуіне сүбелі үлес қосқаны үшін №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат ұжымын Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасының директоры Бауыржан Арысбаевтың алғыс хатымен марапаттады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив