26
сентябрь
2024
📝"Жасөспірім және қылмыс"👮♂️
Кездесу барысында Қызылорда қалалық Полиция Басқармасы Ювеналды Полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция майоры
Келесов Жандос Бахитжанович оқушыларға құқық бұзушылық туралы кеңінен түсіндіріп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере отыра Қызылорда қаласының төңірегінде болып жатқан жасөспірімдер арасындағы криминогендік ахуал жайлы ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар мектеп психологы Б.Акмурзаева да аталған тақырып аясында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңестер берді. Кездесу соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Темиров балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу жұмыстарына тоқталып, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерге бой алдырмау мақсатында сала мамандарымен үздіксіз байланыста болатындығын және мамандарға түсіндірме жұмыстары үшін алғысын білдірді.

