11
апрель
2024
"Құқық бұзушылық және жауапкершілік"
10 сәуір күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында кәмелетке толмағандар арасында топтық төбелес, әлімжеттік, зорлық-зомбылық, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 2024 жылға арналған ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына сәйкес "Құқық бұзушылық және жауапкершілік" тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға оқушылармен кездесуге ҚПБ жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы Еркебала Артықбаева келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында оқушыларға қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар-намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол соқпауға, құқық бұзушылық жасаған жағдайда кінәлі азаматтар заң бойынша жауапқа тартылатындығы жөнінде айтып өтті. Шарада оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, құқық бұзушылық жасамау керектігі түсіндірілді.
Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Е.Темиров сөз алып, іс-шараны қорытындылады.
