

"Ұлы даланың ұлылары"

атты тәрбиешілер бірлестігінің онкүндігі аясында тәрбиешілер Б.Сәрсен, Г.Ерниязованың ұйымдастыруымен 4 сынып оқушыларына "Халық қаhaрманы - Рақымжан Қошқарбаевқа 100 жыл" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысы, Цилиноград ауданы, Тайтөбе ауылында дүниеге келген. 1988 жылы 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.

Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, Жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.
1947-67 ж. Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор, 1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Ал 1999 жылы оған ҚР Президентінің Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Мақсаты: Қазақ халқының қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін насихаттау, оқушыларды патриот болуға, ізденімпаздылыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.