"Мұқағали Мақатаев - поэзия тұлпары" тақырыбында танымдық сағат өткізілді. » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мұқағали Мақатаев - поэзия тұлпары" тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
23
октябрь
2024

"Мұқағали Мақатаев - поэзия тұлпары" тақырыбында танымдық сағат өткізілді.

⚜️"Ұлы даланың ұлылары"⚜️ атты тәрбиешілер бірлестігінің онкүндігі аясында тәрбиешілер А.Мамытова, М.Қасымованың ұйымдастыруымен 6 сынып оқушыларына "Мұқағали Мақатаев - поэзия тұлпары" тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
📝Танымдық сағат барысында
оқушылар белсенді түрде ақынның шығармаларын оқып, поэзия сағатына кезек берді. Мұқағали поэзиясының көркемдік ерекшеліктерін айтып өтті.
📝Мұқағали Мақатаевтың қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" жыр жинақтары және "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" жыр кітаптары бар.
🖋Әр өлеңі бір әлем, әр сөзінде бір арман... Жалынға толы жүрегі махаббат мекеніне айналған, нендей теңеу айтсақ та теңдессіз ақын, поэзияның мұзбалағы, әдемі әлемімен халқының жүрегіне ұя салған, ұлттық болмыстың, ана тілінің қамқоршысы әрі жанашыры болған Мұқағали Мақатаев қазақ халқымен мәңгі жасай бермек. 
✅Танымдық сағаттың мақсаты: Оқушыларды қазақ ақыны, біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстыра отырып, поэзия нәрімен сусындату, ақынның өлеңдеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту. Өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив