
Дәріс сабақ барысында педагог-психолог Б.Акмурзаева оқушыларға құмар ойындар деген не, оған адам қалай тәуелді болады және оның зардабы қандай болатынын түсіндіріп өтті.

Ойынқұмарлық – аса қауіпті психологиялық дерт. Психологиялық тұрғыдан қараған мамандар, бұл дертке «лудомания» деген ат қойған. Кез келген тәуелділік – емдеуді қажет ететін теріс құбылыс. Ең алдымен, тәуелділік адамды еркіндігінен айырады, бұл денсаулық үшін өте зиянды.

Мақсаты: Құмар ойындарының адам психикасына зиянды әсері туралы түсініктерін кеңейту, құмар ойындарға теріс көзқарасты қалыптастыру. Салауатты өмір салтына оң көзқарасты тәрбиелеу.