"Сырттай оқу қажет пе, жоқ жоқ па?" тақырыбында дебат ұйымдастырылып өткізілді. » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сырттай оқу қажет пе, жоқ жоқ па?" тақырыбында дебат ұйымдастырылып өткізілді.
14
ноябрь
2024

"Сырттай оқу қажет пе, жоқ жоқ па?" тақырыбында дебат ұйымдастырылып өткізілді.

🔰12 қараша күні 🏢№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында "Ұшқыр ой" дебаттық қозғалысы жобасы аясында жас мамандар арасында "Сырттай оқу қажет пе, жоқ жоқ па?" тақырыбында дебат ұйымдастырылып өткізілді.
Пікірталас барысында жас маман ұстаздарымыз "Жақтаушы" мен "Даттаушы" топтар болып екіге бөлініп, өз пікірлерін дәлелдер мен факт келтіру арқылы тақырыпқа байланысты өз ойларын тиянақты әрі толық жеткізе білді. Түйінінде сырттай оқудың қажет еместігіне тоқталып, заңға сәйкес Қазақстанда сырттай оқу 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылғаны жөнінде айтып өтті.
Дебат соңында сарапшылар топтардың  жұмысын саралап, қатысушыларды  түрлі номинациялар бойынша марапаттады.
✅Мақсаты: Заман талабының сұранысына санасы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру. 
✔️Пікірталас арқылы жастарды өз бетімен білім алуға, ізденуге дағдыландыру.
Бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауларына, пікір алмасуына, қарым-қатынас диалогін орнатуға мүмкіндік туғызу болып табылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив