23
апрель
2024
"💻Интернет 📚кітапты алмастыра ала ма?"
"
Интернет
кітапты алмастыра ала ма?" тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
Жақтаушы топтың белсенді мүшесі: "Білім көзі –
кітапта,
интернет-бүкіләлемдік өрмек. Қазіргі кезде технологияның қарқынды дамуымен көп адамдар өздеріне қажетті материалдарын интернеттен алып пайдалануда. Алайда интернет көзі
кітапты алмастыра алмайды деп ойлаймын. Себебі, кітап рухани жан азығын іздеуші жандардың әрқашан серігі болып қала береді"- деп өз ойын білдірді. Ал даттаушы топтың белсендісі: "Мен интернетті қалаймын"-деп қарсы пікірін білдірді. Себебі, интернет қолжетімді және қажетті ақпаратты уақытты үнемдей отырып табуға болатынын айтты.
"Адамды – адам еткен
кітап, адамзат - еткен
кітапхана",- деп Әбіш Кекілбаев ағамыз айтқандай
кітап жан сарайыңды байытар жалғыз қазына деп қатысушы мұғалімдерге сарапшылар өз әділ бағасын беріп, сөз шеберлігімен, тапқырлығымен, ұтқыр ойымен ерекше көзге түскен мұғалімдерді марапаттады. Марапаталған мұғалімдер қатарында
"Үздік спикер" номициясына ағылшын пәні мұғалімі Жанар Женсикбаева ие болды.