Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2 қыркүйек күні Қызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПБ полиция аға инспекторы полиция майоры Соболев Виталий Алексеевич №8 облыстық санаториялық мектеп-интернат оқушыларымен кездесу өткізді.
Жиынды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержан Темиров ашып, мектеп-интернаттың ішкі тәртіп ережесіне бағыну және оқу орнында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.
Полиция майоры Соболев Виталий Алексеевич құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, лудомания, кибербуллинг, нашақорлықтың зияны мен зардаптары туралы және оның алдын алу жолдарын, интернетті жүйелі пайдалануды, беймезгіл уақытта заңды өкілсіз жүрмеуді оқушыларға айтып, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ойларын толықтырды.