

№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында кәмелетке толмағандар арасында топтық төбелес, әлімжеттік, зорлық-зомбылық, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 2025 жылға арналған ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына сәйкес "Тәртіп - тәрбие бастауы" тақырыбында құқықтық сағаты өткізілді.

Іс-шараға оқушылармен кездесуге ҚПБ ЖПҚб ЮПБ УПИ Полиция аға лейтенанты

Мағжан Жұмабаев қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында оқушыларға қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар-намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, құқық бұзушылық жасаған жағдайда кінәлі азаматтар заң бойынша жауапқа тартылатындығы жөнінде айтып, бейнероликтер көрсетіліп, құқық бұзушылық жасамау керектігі түсіндірілді.

Сонымен қатар мектеп-интернат психологы Б.Акмурзаева, әлеуметтік-педагог Г.Утембетова аталған тақырып аясында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңестер берді.

Кездесу соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Темиров балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу жұмыстарына тоқталып, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерге бой алдырмау мақсатында сала мамандарымен үздіксіз байланыста болатындығын және түсіндірме жұмыстары үшін ҚПБ ЖПҚб ЮПБ УПИ Полиция аға лейтенант

Мағжан Жұмабаевқа алғысын білдірді.