№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатында "Оқуға құштар мектеп" жобасы, "Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында 1 сынып оқушыларына "Ертегілер еліне саяхат" атты іс-шара өткізілді.
Ертегі – оқушылардың жан дүниесін байытатын, оның қиялы мен танымдық қабілеттерін дамытатын құнды құрал. Ертегілер арқылы жақсылық пен жамандықты ажыратуды, өмірлік құндылықтарды бағалауды үйренеді. Сондықтан, ертегіні оқушылардың күнделікті өміріне енгізу – оның тәрбиесі мен дамуы үшін аса маңызды қадам.