Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаевқа 75 жыл » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаевқа 75 жыл
13
апрель
2026

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаевқа 75 жыл

⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
🌟 Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаевқа 75 жыл
📚"Оқуға құштар мектеп" жобасы,
📚"Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында 🏫№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатында Қазақстанның Халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына орай "Ғарышқа ізін салған қыран қазақ" тақырыбында оқушылардың қатысуымен танымдық сабақ өткізілді.
📌 Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев – қазақстандық ұшқыш-ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты, қоғам және мемлекеһт қайраткері, Ресей ғарышкерлігі тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі.
1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында дүниеге келген.
Рига азаматтық авиация институтында радио жабдықтар мамандығы бойынша білім алып, еңбек жолын инженер ретінде бастаған.
1986 жылы азаматтық авиация ұшқышы куәлігін алды. 1991 жылы Ғарышкерлер корпусына қабылданды.
1994 жылы 1 шілдеде алғаш рет ғарышқа аттанып, "Союз ТМ-19" кемесінің борт инженері ретінде орбитада 125 күн болып, екі мәрте ашық ғарышқа шықты.
1994, 1998 және 2001 жылдары үш рет ғарыш сапарына қатысып, жалпы есеппен бір жылға жуық уақытын ғарышта өткізіп, жеті рет ашық ғарышқа шықты.
Еліне сіңірген еңбегі үшін 1995 жылы 12 қаңтарда "Халық қаһарманы" атағымен марапатталды.
🔹 Танымдық сабақ барысында оқушылар ғарышкердің өмірі мен еңбек жолы туралы кеңінен мәлімет алып, оның ғылым мен ел дамуына қосқан үлесімен танысты. Сонымен қатар, сабақтың жалғасы ретінде "Мен ғарышкер боламын" атты сурет салу сайысы ұйымдастырылды.
🔹 Сурет салу сайысында оқушылар алыс планеталарды, жұлдызды тұмандықтарды және болашақтағы ғарыштық саяхат көріністерін бейнелей отырып, өз қиялдарымен бөлісті.
✅Мақсаты: Оқушыларға Талғат Мұсабаевтың өмір жолы мен жетістіктерін таныстыра отырып, олардың ғылымға, ғарыш саласына деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив