Дебат адам бойындағы маңызды дағдыларды қалыптастыратын, балалардың сыни ойлауы, топпен жұмыс жасау, өз пікірін дәлелдейтін білімділер сөз жарысы.

10 қазан күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында "Кәмелетке толмағандарға ересек адамдар сияқты қарау керек" тақырыбында Жорабекқызы Ұлжан, Маймақова Сандуғаш тәрбиешілердің ұйымдастыруымен 8-9 сынып аралығында "Ақиқат" және "Тапқырлар" тобы арасында пікір талас, түсіндірме негізінде дебат өткізілді.

Мақсаты:

Кәмелетке толмаған балалардың мәселесіне назар аударту.

Тиімді-тиімсіз жақтарын көрсету.

Оқушылардың ой пікірін дамыту.

Дүние танымын арттыру мақсатында рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

Жаңа Қазақстанның жарқын болашағының туын биік көтеріп, керегесін нық ұстайды деп сенім білдіруге болатын білімге қызығып, өз ойын сауатты, нық, еркін жеткізе алатын осындай балаларымыздың бары көңілге қуаныш пен мақтаныш орнатады.


