Ақпарат » Страница 6 » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
🌳КӨГАЛДАНДЫРУ - КӨПТІҢ ІСІ🌳
05
апрель
2024
🌳КӨГАЛДАНДЫРУ - КӨПТІҢ ІСІ🌳
КӨГАЛДАНДЫРУ - КӨПТІҢ ІСІ "Жасыл мектеп" жобасы аясында  №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының қызметкерлері мен білім алушылары мектеп ауласына әр түрлі жеміс ағаштарын отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Ағаш көшеттерін отырғызу, жақсылықтың нышаны. Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғау, абаттандыру, көгалдандыру ісіне үлкен жауапкершілікпен қарау болып табылады. "Жасыл мектеп" жобасының мақсаты: Табиғатқа жанашыр ұрпақ тәрбиелеу, экологиялық сананы қалыптастыру.
⚜️17-НАУРЫЗ — «👨‍👩‍👧‍👦ШАҢЫРАҚ КҮНІ👨‍👩‍👧‍👦»⚜️
18
март
2024
⚜️17-НАУРЫЗ — «👨‍👩‍👧‍👦ШАҢЫРАҚ КҮНІ👨‍👩‍👧‍👦»⚜️
Наурызнама тұжырымдамасы аясында 17-НАУРЫЗ — «ШАҢЫРАҚ КҮНІ» Шаңырақ күні қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді. Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.  Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне
Жылыжайымыз жемісті болғай!
14
март
2024
Жылыжайымыз жемісті болғай!
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының жанында орналасқан жылыжай    жұмыстарының қарқынды жүргізілуінің нәтижесінде шалғам (редиска), салат жапырағы, көк жуа өнімін берсе, бүгін қиярда бойын тіктеп, 15 кг өнім берді. Жылыжайда өсірілген өнімдерді оқушылар бос уақытында апайларымен бірге күнделікті күтім жасап, топырақтарын қопсытып, артық жапырақтарын кесіп, пісіп жетілген өнімдерді мектеп-интернат асханасына табыстап отырады. Жылыжай ісін қолға алып қана қоймай, оны жолға қою
КӨРІСУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
14
март
2024
КӨРІСУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ертеде кең даланы көсіле жайлаған бабаларымыз көктем келіп, Жер-Ана бусанған уақытта бір-бірімен сағынысып жүздесіп, төс қағыстырып, мал-жан сұрасатын болған. Бүгінде бұл күнді 14 наурыз – Көрісу күні дейміз. Әдетте бұл күннің Амал мерекесі деген де атауы бар. Көпшілік қауым осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілесіп, ақжарқын көңілмен көрісіп шығады. Көрісе отырып, бір-біріне “Бір жасыңмен!”, “Жасың құтты болсын!”, “Жасың қайырлы болсын!” деген игі тілектерін
Тәрбие тізбегі үзілмеуі тиіс
06
март
2024
Тәрбие тізбегі үзілмеуі тиіс
Тәрбие тізбегі үзілмеуі тиіс Адамзат баласының ежелден келе жатқан міндеті – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Кемелұлы «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек» деп өз сөзінде атап көрсетті. Өскелең ұрпақ бойына отансүйгіштік, азаматтық және имандылық сезімін қалыптастыруға қоғам
"Еңбегі адал жас өрен"
06
март
2024
"Еңбегі адал жас өрен"
Жылыжай - жылу сүйетін  көкөністер мен басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін құрылыс. "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында Қызылорда облысының білім басқармасының «№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» директоры Толеуов Берікбол Оразгелдіұлының қолдауымен және арнайы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, жылыжай шаруашылығының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Қосанов Самалбек Оразбайұлының
"Кемел келешегіміздің басты құндылығы – құзыретті тіл"
29
февраль
2024
"Кемел келешегіміздің басты құндылығы – құзыретті тіл"
21 ақпан күні Қызылорда қаласындағы №267 орта мектепте "Кемел келешегіміздің басты құндылығы – құзыретті тіл" атты семинар-практикум өтті. Семинар - практикум "Күмбірле-қоңыр домбыра" атты концерттік бағдарламамен басталды. Мектеп директоры Рахымшаева Сабила Байконыровна қатысушыларға сәттілік тіледі. Педагогтердің ғылыми-әдістемелік және шығармашылық ізденісін жетілдіру, озат тәжірибемен бөлісу және таратуға бағытталған семинар - практикумның "Инновация, ізденіс, тәжірибе" бөлімінде қазақ тілі