"Мұғалім шеберлігінің негізі - сауаттылық" тақырыбында коучинг өткізілді.
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігінің "Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі" атты онкүндігі аясында қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі А.Үсенбаеваның ұйымдастыруымен "Мұғалім шеберлігінің негізі - сауаттылық" тақырыбында коучинг өткізілді.
Коучинг барысында қатысушы мұғалімдер сабақта қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдерді бірлесе отырып, орындап шықты.
"Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде оның мұғалімдігі де жойылады",- деп белгілі ұстаз К.Д.Ушинский айтқанындай мұғалім әрдайым білімін жетілдіріп отыру сапалы білім кепілі болмақ.
Мақсаты: Мұғалімдермен өз тәжірибемізде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда қолданылатын ұтымды, тиімді әдістер бойынша теориялық және практикалық жағынан креативті кәсіби шеберлік ұсыну, бөлісу және кәсіби дамуына ықпал ету.