"Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдері"
№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында бастауыш сынып пән бірлестігінің "Бастауыш - білім шыңының баспалдағы" атты онкүндік аясында бастауыш сынып мұғалімі Маханбетова Қарлығаш "Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдері" тақырыбында мұғалімдердің қатысуымен коучинг өткізді.
Коучинг барысында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын және сабақта қолдану жүйелерімен өзара бірлесіп талқыға салды.
Оқушылардың есте сақтау
(мнемикалық) қабілетін дамытудағы негізгі мақсаты – ақпаратты қабылдау, сақтау, қайта жаңғырту және қолдану дағдыларын жетілдіру.