география пәнінің мұғалімі Ж.Абдикадированың ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларына “Демографиялық жағдай” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында "Жаратылыстану" пәндер бірлестігінің "Жаратылыстану ғылымдары және жасанды интеллект: болашаққа қадам" атты онкүндігі аясында география пәнінің мұғалімі Ж.Абдикадированың ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларына “Демографиялық жағдай” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ барысында оқушылар елдердің демографиялық жағдайын талдап, халық саны, туу мен өлім көрсеткіштерімен жұмыс жасады. Сонымен қатар олар карта арқылы әртүрлі елдердің демографиялық ерекшеліктерін салыстырып, көрсетуге мүмкіндік алды.
Мақсаты: Оқушыларға елдердің демографиялық жағдайын түсіндіру және карта арқылы салыстыра білу.