
Тәрбие сағаты барысында оқушылар барлық жетістікке еңбек арқылы жетуге болатынын, еңбек еткен адам биікке жете алатынын көріністер арқылы көрсетіп, ән айтып, би биледі. Сонымен қатар болашақта ел ағаларындай сахна төрінен көрініп, "Алтын домбыраны" қанжығаға байлаймыз деген арманын білдірген оқушылар домбыраны қолға алып, бір-бірімен айтысып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мақсаты: Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, еңбек арқылы жетістікке жетуге болатынын ұғындыру, ұлттық өнер мен құндылықтарға қызығушылығын арттыру.