"Қош келдің, әз-Наурыз!"
14 наурыз күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында бастауыш тәрбиешілер бірлестігінің ұйымдастыруымен ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы Наурыз мерекесіне орай"Қош келдің, әз-Наурыз!"атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кеш Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы видеороликтен бастау алып, ұрпақтар санасына ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрді қалыптастыру тұрғысында оқушылар көрініс көрсетіп, би билеп, жыр шумақтарын айтып, әннен шашу шашып,